«Үздік жас кітапханашы-2021» сайысы

Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткері Н.К.Дәулетованың 95 жылдығына арналған республикалық кітапхана кәсібінің беделін арттыруға және дамуын ынталандыруға бағытталған «Үздік жас кітапханашысы-2021» атты кәсіби шеберліктің қорытынды байқауы республика көлемінде өткізілді.

«2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» сайысының қорытындысы бойынша Павлодар облысы Май ауданы ОКЖ аудандық орталық кітапханасының жас кітапханашысы Саяжан Шарманова 2 - ші орынды ие болып, 100,0 мың тенгелік сертификат табысталды.

Жас кітапханашы қазылар алқасын және көрермендерді өзінің өнерімен, білгіштігімен, тапқырлығымен таң қалдырды. Сайыс финалында өз жобаларын, тұсаукесерлерін көрсетіп, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармасынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Осындай шығармашылықтың, өнер, әдебиет сүйгіштігінің арқасында үлкен биіктерге көтеріліп, жас мамандарға, әріптестер арасында үлгі болуда.