«Айна» галереясы

18 қаңтарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада  «Айна» галереясында педагог, суретші Елена Юминованың  «Поиск в творчестве» атты жеке жұмыстарының көрмесі ашылды.

Көрмеде суретшінің 30-дан астам жұмыстары: олар акварельмен және майлы бояумен, академиялық кескіндеме жұмыстары, сондай-ақ қарындашпен және көмірмен салынған сызбалар, моншақпен және коллажбен кестеленген тегістелмеген жібекке акрил кескіндемелері қойылған.

Көрмеге қойылған жұмыстарда түрлі техника, қызметтің түрлі бағыттары біріктірілді, алайда оларда жарқын, көңілді түс, сызық пен көлем таңғажайып үйлесім тапқан. Көрмеде сондай-ақ Е.Юминованың оқушыларының жұмыстары ұсынылған.

Көрмеге өңірдің дарынды суретшілері, осы салада оқып жүрген студенттер, қала тұрғындары қатысты.