«Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты оқырман конференциясы

21 ақпан күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері №13 жалпы орта білім беру мектебінде өткен "Абай мұрасы-ұрпаққа аманат" атты оқырмандар конференциясына қатысып қайтты.

Шара 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Оқушылар кітапханашылардың баяндауында Абайдың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері туралы, оның ең танымал шығармалары туралы әңгімелерін тыңдады. Балаларға 1995 жылы түсірілген "Абай" көркем фильмінен үзінді мен ақын жайлы бейне-тұсаукесері көрсетілді. Сондай – ақ, "Татьяна сөзі" және "Желсіз түнде жарық ай" атты халықтың сүйікті әндеріне айналған Абай әндері шырқалды. Кемеңгер ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Мен сәлем жазамын» атты өлеңдерін Сабина Темірболат, Елизавета Зиберт және Әдел Сұлтанбекова мәнерлер оқыды . Сонымен қатар мектеп оқытушылары З.А. Садымова, С.Әбілманова және мектеп кітапханашысы Т.К.Аякенова конференцияға ат салысып, сөз сөйледі. Шара соңында барлық ұжым болып, караокеде "Көзімнің қарасы" атты Абайдың әнін шырқады.