«Абайды оқимыз»

10 тамызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Абайды оқимыз» атты шара өтті. Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың қазақ, орыс және неміс тілдеріндегі ең танымал – «Білімдіден шыққан сөз», «Есіңде бар ма жас күннің», «Безветреной ночью» өлеңдері шырқалды.

 

«Жыл мезгілдері» - «Көктем», «Жаз», «Қыс», «Күз» өлеңдер топтамасын оқыды. Абай шығармалары бойынша көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің суреттері ұсынылды.

 

Іс-шара соңында оқырмандар  кітап көрмесінде ұсынылған Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш», «Қара сөздер, Слова назидания»,  «Абай әлемі жас суретшілер көзімен», «Двадцать стихотворений на трех языках»  және т.б. кітаптарымен танысты.