«Абай – қазақ халқының данышпаны» жиын

Облыстық балалар әдебиеті бөлімінің кітапхана қызметкерлері Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінде «Абай – қазақ халқының данышпаны» атты жиынға қатысып қайтты. Мектеп оқушылары Абай туралы қызықты мәліметтерді ,оның өмірбаяны жайлы танысып, шетел классиктерінің шығармаларын аударғандығы жайлы мәліметтерді білді. Кешіміздің соңы Абайдың әр түрлі тілде жазылған кітаптар көрмесі мен кітапхана оқырмандарының өз қолдарымен салынған суреттер жинағын тамашалаумен аяқталды.