«Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби кеш

29 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінде "Абай мұрасы – халық қазынасы"атты әдеби кеш өтті. Шарамыз қазақтың ұлы ағартушысы, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абайдың бірыңғай күні» атты акциясы аясында өтті. №39 ЖОМ 5 - сынып оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығын танып, оның өлеңдерін айтты және мәнерлеп оқыды. Балалар назарына кітапхана қорынан Абай шығармаларының кітап көрмесі ұсынылды.