С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ашық кітапхана» акциясы

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ашық кітапхана» акциясы басталды. Ашық кітапхана Буккроссинг форматында.

Буккроссинг  - бұл әлемдік кітап алмасу жобасы. Акцияның мақсаты - оқуды бұқаралық пен танымал құбылысқа айналдыру. Акцияға қатысатын кітапты кітапханадан алуға болады. Әлем бойынша «Буккроссинг» кеңінен таралған. Бұл шара қызықты әдебиеттер табудың және өзін-өзі дамыту деңгейіңізді көтерудің жақсы әдісі ғана емес, сонымен бірге жаңа достар, пікірлес адамдар, сұхбаттасушылар табуға мүмкіндік береді.

Акция жаз бойы жалғасады. Біз балаларды және олардың ата-аналарын акцияға қатысуға және жаңа дос табуға шақырамыз.

Қатысушылардың барлығын шақырамыз. Үй кітапханасындағы сүйікті кітаптарыңыз сыймаған болса: «Әкеліңіздер, әр кітапқа оқырман табылады».