«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, Торайғыров Университетінің профессоры Мүтәлиева Раушан Мамырқызы «Орпоэпиялық сөздік», С.Мәуленовтың «Алыс кетіп барамын» және т.б. тіл, көркем әдеби кітаптарды сыйлады.

Сондай-ақ акцияға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары қатысты. Биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры Наталия Евгеньевна Тарасовская «Лечение и профилактика акушерских и гинекологических патологий у коров естественными средствами», «Лингвистические экскурсии на полевой практике по ботанике», «Междисциплинарный практикум по ботанике с элементами экологии, эволюции и генетики растений», «Работа с биологическими терминами в процессе изучения профессионально ориентированного английского языка» және т.б. оқу-әдістемелік кітаптарын, педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика жоғары мектебінің профессоры Хамза Шолпан Шапиевна «Водные ресурсы Павлодарской области, их охрана и рациональное использование», «Основы экологического нормирования и экспертизы» т.б. оқу құралдарын сыйға тартты.

Кітапхана қызметкері Сәуле Асылбекқызы Жанкаринова кітап сыйлаушылардың бірі және бұл жолы оқырмандар сұранымына ие мазмұнды басылымдарды сыйға берді. Акцияға ғалымдар, оқытушылар, журналистер, Павлодар көркемсурет колледжінің студенттері және оқырмандар қатысты.

Акция 14 ақпаннан 14 наурызға дейін өтеді.