Ақын Виктор Семерьяновты еске алу кеші

23 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада павлодарлық ақын, жазушы, аудармашы, журналист Виктор Гаврилович Семерьяновты еске алу кеші өтті. Іс-шараға Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Феризат Байсұлтанқызы Сапариева, Ирина Леонидовна Семерьянова, әріптестері- Ольга Николаевна Григорьева, Арман Кани, достары- Колодиндер отбасы, Татьяна Сергеевна Корешкова және т.б., Павлодар педагогикалық университетінің колледж студенттері, кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.

Кешке қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жақсы сөздер айтып еске алды. Жерлес ақынның өлеңдері оқылып, Виктор Семерьяновтың сөзіне жазылған әндерді Бевз Людмила Николаевнаның орындауында шырқалды.