«Астана – елдің жүрегі» көшпелі кітап көрмесі

5 шілде күні облыстық кітапхана «Астана – елдің жүрегі» атты көшпелі кітап көрмесімен «Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінде болып қайтты. Мекеменің қызметкерлері үшін көрмеде ұсынылған әдебиеттер бойынша шолу жасалды. Көрме елімізде аталып өтілетін ең маңызды мерекелердің бірі - елордамыз Астана қаласының 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрмеге елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін, қазіргі келбетін баяндайтын туындылар, кітаптар, және фотоальбомдар қойылды. Сондай-ақ Астана қаласы жайлы арнайы бейне ролик көрсетілді.