Ақын, жазушы Л.Бёвзпен «Сөз сиқыры» атты шығармашылық кездесу

Бүгін С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ақын, балалар жазушысы Л.Н. Бёвзпен Жазғы оқулар аясында «Сөз сиқыры» атты шығармашылық кездесу өтті.

Мақсаты: балаларды ақын және жазушы Л.Бевздің заманауи шығармашылығымен таныстыру, баланың шығармашылық тұлғасы мен белсенділігін дамыту.

Міндеті: балаларды мәнерлеп өлең оқуға үйретуді жалғастыру, баланың шығармашылық тұлғасы мен белсенділігін дамыту.

Людмила Николаевна - балалар ақыны және жазушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жалпы германиялық «ДАЗ» газетінің тілшісі, «МИР» орталық ойын-сауық орталығының мүшесі (Мюнхен).

Л.Бевз өзінің шығармашылығы жайлы, поэзияның қалай жазылатындығы туралы әңгімелей отыра, балаларды «Қазақ тілін үйренемін» кітабымен таныстырды. «Учу казахский язык», «Балалар мен балалар туралы» кітабынан өлеңдер оқып, балалардың сұрақтарына жауап берді.

Ол кітаптардың авторы:«Пришла и говорю» (2012), «Веселые - веселые превращения буквы Аа» (2013), «Учу казахский язык» (2013), «Мелодии моей души» (2015), «О детях и детям» (2017), «Басни для взрослых» (2020), «Все это было» (2021).