Баязитов оқулары

30 қарашада С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ақынға арналған онкүндік аясында «Баязитов оқулары» өтті. Шараның негізгі мақсаты Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, публицист, өлкетанушы, балалар кітаптарының авторы Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары аясында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Әдеби шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, жазушының туыстары, Павлодар облысы мектептерінің оқушылары қатысты. Байқауға қатысушы үміткерлер С.Баязитовтың өлеңдерін жатқа оқыды. Содан соң «Жұмбақтар керуені» танымдық ойынына қатысты. Сондай-ақ жиналған қауымға «Асқақ арманды ақын» атты кітап көрмесі ұсынылып, таныстырылды.

Қазылар алқасындағы – Ш.Байғалы, Л.Бевз, С.Аханбаева секілді қаламгерлер мен ұстаздар үміткерлердің өнерлеріне баға беріп, ойларын ортаға салды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша байқаудың үздік қатысушылары болып
1 орын- Исбулат Сайда
2 орын - Сидорук Ясмин, Серік Әбілмансур
3 орын - Мақсат Айару, Трынов Марк , Серік Серіәлі
Бас жүлде - Асылхан Жансұлу