Бекмұрат жайлы бір ауыз сөз

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана өңірден шыққан айтулы азаматтарды насихаттауға арналған "Ұлт зиялылары ұмытылмайды" тақырыбындағы онлайн жобасын жалғастыруда.

Шараның кезекті қонағы философия ғылымдарының кандидаты, профессор, тарихшы Амантай Құдабаев болды. Ғалым өңірден шыққан белгілі тұлға, филология ғылымдарының докторы, этнограф Бекмұрат Уахатов туралы айтып берді. Амантай Жетпісұлы Б.Уахатовтың көзін көрген, әсерлі әңгімесін тыңдаған жан. Ол бүгінде ғалымның қолжазбаларына зер салып, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген бірден бір азамат.

Сұхбат барысында А.Құдабаев белгілі ғалымның қарапайымдылығына, еңбекқорлығына, кішіпейілдігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ Б.Уахатовтың еңбектері топтастырылған VI томдық кітабын жинақтағанын, қомақты көптомдық жуық арада оқырманға жол тартатынын айтты.