«Кітапхана + жазушы»

«Кітапхана аймақтың мәдени потенциалын дамыту жолында» халықаралық кітапхана форумының «Кітапхана + жазушы» секциясында жазушылармен және ақындармен екі шығармашылық кездесу өтті. Алғашқы онлайн кездесу ҚР Мәдениет қайраткері, драматург, Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі (Шымкент қ.) Сая Қасымбекпен «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында өтті. Автор Қазақстандағы заманауи драматургияның жай-күйі туралы ойымен бөлісіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Екінші кездесу павлодарлық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі О.Н.Григорьеваның екі өлеңдер жинағының тұсаукесеріне арналды. Тұсаукесерде өлеңдер оқылды, «Двадцатый» жинағына толық талдау жасалды, автор облыстық кітапхана қорына «Мой любимый Павлодар» фотоазбукасын сыйға тартты.