Бишілер мерекенің көркін қыздырды!

Кітапханада ғимаратында шулы атмосфера күнде бола бермейді. Ал Кітапхана түнінде барлық залдарда жарқын шамдар жанады,  музыка ойналады, ойын-күлкі, әсем әуендер естіліп, өлеңдер оқылады.

Осы түні бишілерге жеке алаң бөлінді, онда "DOMINATE" хореографиялық ұжымының бишілері мен жас крампер Әбілмансұр Шаймұрат көрермендерді ерекше биімен таң қалдырды. Кешке жиналғандар бишілердің өнеріне тамсанып, қошеметтетерін көрсетті.

Акция соңында ұйымдастырушылар би ұжымына Алғыс хат пен тәтті тағамдар табыс етті!