«Білімнің шексіз көкжиегі» кітабының тұсаукесері

2021 жылдың 21 қазан күні облыстық кітапханада офлайн және онлайн Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында ардагер ұстаз, профессор, Павлодар облысының Құрметті азаматы Шаймерденов Тәжібай Рахметоллаұлының еңбектерінен жинақталған «Білімнің шексіз көкжиегі» атты кітаптың тұсаукесер кеші өтті. Ұлағатты ұстаз арамызда болмаса да кітаптың шығуына балалары ықпал етті.

Шараға кітаптың Ақылдастар алқаларының бірқатары қатысты. Олар: «Өрлеу» АҚ «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» төрайымы Роза Ашимбетова, Педагогика ғылымдарының докторы, Торайғыров Университетінің профессоры Жұматаева Еңлік Өсербайқызы және Гумилев атындағы ЕҰУ-інің тарих ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Алпысбес онлайн форматта қатысты. Сонымен қатар Павлодар облысының білім беру саласының ардагерлері Алибаев Қабидолла Әлиұлы, сондай-ақ Павлодар білім беру саласының ардагерлері шараның құрметті қонақтары болды.

Кеш барысында шара қонақтары ардагер ұстаз жайлы өз естеліктерімен бөлісті. Көрермендер назарына Тәжібай Рахметолла жайлы әзірленген бейнежазба ұсынылды.

Іс-шараға ардагер ұстаздың жақындары, әріптестері, колледж, университет студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.