«Бірігіп жасайық» экологиялық десанты

19 сәуір күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Бірігіп жасайық» экологиялық десантын өткізеді. Бөлімнің базасында кітапханашылар мен ППК – нің ШТ – 32 тобының студенттерінен экологиялық үгіт бригадасы құрылды. Үгіт бригадасы тұрмыстық қоқыспен қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес тақырыбында жұмыс жүргізді. Жиналғандардың барлығы Усолка өзенінің демалыс аймағын тазалауға қатысты.

Акцияның мақсаты - жастардың назарын табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелеріне аудару, оларды табиғатқа құрметпен қарау, топта жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.