«Біз сені мақтан тұтамыз - Қазақстан!» атты отаншылдыққа тәрбиелеу сағаты

9 желтоқсан күні балалар әдебиеті бөлімінің кітапхана қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңына орай ЖОБМ№39-шы мектептің 8-сынып оқушыларына арнап «Біз сені мақтан тұтамыз - Қазақстан!» атты отаншылдыққа тәрбиелеу сағатын өткізді.

Оқушылар Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуы жайлы мәлімет алып, «Тәуелсіз Қазақстан» атты бейне фильмді тамашалады. Оқушылар Қазақстан туралы балалар әдебиетінің класиктері жазған өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар, «Сен Қазақстан туралы білесің бе?» атты ойын викторинасы өткізілді. Кеш соңында оқушылар «Мен өз елімнің патриотымын!» атты кітап көрмесіндегі кітаптармен танысты.