«Мен Жамбылды оқимын!»

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы дауылпаз ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Мен Жамбылды оқимын!» атты эстафетаны бастайды. Шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқуға, жырларын домбырамен нақышына келтіре орындауына болады.

Біз осы челленджді Жамбыл атындағы Алматы қалалық жасөспірімдер кітапханасына, Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасына, Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасына, Баянауыл аудандық кітапханасына жолдаймыз! Шараға қатысушылар міндетті түрде #менжамбылдыоқимын #торайғыровкітапханасы хэштегтерін белгілуі керек.