«Человек рождается для добрых дел» атты кездесу

23 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасының аясында Еріктілер жылына арналған кезекті отырыс өтті. Іс-шараның қонақтары - павлодарлық еріктілер бірлестіктерінің өкілдері. Евгения Иванова («Клуб Добряков Павлодара» қайырымдылық қоры), Рафаэль Мухамеджанов («Панфиловшылары» іздестіру қозғалысы), Тәттігүл Алкенова («ПМПУ студенттері балаларға оқиды» еріктілер тобы) ұйымның құрылу тарихы, негізгі бағыттары және маңызды оқиғалары туралы әңгімеледі.

Кездесуге Павлодар қаласының химия-механикалық, педагогикалық және медициналық колледждерінің студенттері қатысты.