«Тау ішіндегі тауқымет» - оқырман конференциясы

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» кітабы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, сатирик Бейбіт Сарыбайдың әңгімелері бойынша оқырман конференциясы өтті.

Спикер Торайғыров университетінің профессоры,ф.ғ.к. Капасова Бақытгүл Қасымбайқызы оқырмандарға жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат берді.

Жазушы Н.Ақыштың шығармалары тек шындықтан құралған. Оның кейіпкерлері балалық шағындағы көне көз қариялар, көршінің балалары. Ерекше тақырып альпинистер өміріне арналған. Осы тақырып бойынша түсірілген бейне-ролик жастардың кітапқа деген қызығушылықтарын оятты.

«Тау ішіндегі тауқымет» кітабын және Бейбіт Сарыбайдың «Рауғаш ерте гүлдейді» әңгімесін оқып келген облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары Аманбек Нұрсәуле мен Төкен Гүлзада өз ойларымен бөлісті.