Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың Гауһар?» оқырман конференциясы

13 сәуір күні облыстық кітапханада 15 сәуір «Қозы көрпеш-Баян сұлу» күніне орай белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың Гауһар?» шығармасы бойынша оқырман конференциясы өтті. Іс-шараның модераторы Бақытгүл Қасымбайқызы Капасова Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. «Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың Гауһар?» повесінің қазақ әдебиетіндегі алатын орны» тақырыбында баяндама жасады.

Кітапты оқыған Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері Хымбат Хулын, Сайлаубай Гүлжайнат «Қайдасың, Гауһар?» повесіне жалпылама шолу жасап, шығармаға арқау болған басты кейіпкерлердің образына талдау жасады, өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.

Шараның мақсаты - жазушының «Қайдасың, Гауһар?» повесі арқылы жастардың бойына шынайы, мөлдір махаббаттың қалыптасуына ықпал ету, адамгершілікке, шынайы достыққа тәрбиелеу. Оқырман конференциясына Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі мен Ә.Бөкейханов атындағы лицей оқушылары қатысты.