«Б.Уахатов еңбектері - ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты оқырман конференциясы

6 желтоқсан күні кітапханада әдебиеттанушы, халық ауыз әдебиетін зерттеуші, фольклорист, филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Бекмұрат Уахатов еңбектері - ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты оқырман конференциясы өтті.

Конференцияға Торайғыров университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мәшһүртанушы Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев, Торайғыров университетінің профессоры, Бекмаханов атындағы ғылыми орталықтың директоры, философия ғылымдарының кандидаты, тарихшы, ғалым Амантай Жетпісұлы Құдабаев, Аққулы ауданының Құрметті азаматы Қадыр Әжімұратұлы Әжімұратов, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Қинаятұлы Сатыбалдин, зейнеткер ұстаз Сағынбай Боранбайұлы, Б.Уахатовтың туысы Салтанат Қажымұратқызы және Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж, Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5512 әскери бөлімі» РММ сарбаздары қатысты.

Сондай-ақ Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірігіп, ұйымдастырған «Ғылым сахабасы - Бекмұрат Уахатов әлемі» атты кітап көрмесі көпшілікке ұсынылды.