«ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТ СИМФОНИЯСЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

17 наурызда облыстық кітапханада, 16 топ қатысушыларымен «Шетел әдебиет симфониясы»атты  пікірсайыс турнирі өтті.

Сайыс барлық кезеңдері британдық парламенттік форматта (БПФ) бойынша өткізілді. Турнир қатысушылары мәдениет деңгейін арттыру мәртебесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  «100 жаңа кітап» жобасы бойынша сөз қозғалған болатын. Талқылау кезінде Louise May Alcott «Little Women», «Good Wives», Margaret Mitchell «Gone with the Wind» , Jeannette Walls «The Glass Castle» кітаптары туралы сөздер айтылған болатын.

Қатысушылардың арасында Павлодар және Екібастұз қалаларынан келушілер болды. Олардың арасында Назарбаев Зияткерлік мектебі, Жас дарын мамандырылған мектеп лицейі, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты, Ж. Тәшенов атындағы ЖОББМ, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернаты, №40, 35, 30, 37, 14, ЖОББМ оқушылары және т.б. мектептері болды.