Виктория Устюгованың дебюттік көрмесі

Бүгін, 11 сәуірде облыстық кітапхананың «Айна» галереясында жас суретші Виктория Устюгованың «Всплеск» атты дебюттік жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда акварель, графика, майлы кескіндеме техникасында экспрессионизм стилінде жасалған автордың 20-дан астам туындысы ұсынылды, бұл өз автордың жан дүниесін көпшілікке ашудың алғашқы қадамы. Көрме қонақтары үшін Виктория 5 минут ішінде "графика" стилінде көмірмен қыздың портретін салу перформансын  көрсетті.

Көрме 30 сәуірге дейін жалғасады.