Игі істер күні

Наурыз мейрамын мерекелеу бағыттарының бірі – «15 наурыз-игі істер күні» болып келеді.

Бүгін С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылықты әдетті бағдарламаға айналдыру, позитивті және сәнді ету мақсатында «Көктемнің мейірімділік қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бүгінгі таңда көмекке мұқтаж адамдарға жақсы істер жасау өте маңызды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған және Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында баспана тапқан жалғыз басты және балалары бар әйелдерге қайырымдылық ретінде - кітаптар, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, гигиена құралдары таратылды. Балаларға кітаптар, сурет салуға арналған альбомдар, дәптерлер және т. б. берілді.