«Кітап әлемін тану» атты ақпарат күні

14 сәуірде облыстық кітапханада «Кітап әлемін тану» атты ақпарат күні өткізілді. Іс-шараға Павлодар қаласының №15 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары шақырылды. Оқушылар кітапхананың құрылу тарихы, түрлі клубтардың, үйірмелердің қызметі, жобалар мен бағдарламалар туралы ақпарат алды. Қонақтардың назарына танымдық экскурсия, кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану ережелері бойынша кітапханалық сабақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  иллюстрациялық кітап көрмесінің материалдары ұсынылды. Оқушылар ғарышкерлер күніне арналған «Ғарышқа апаратын жол» экспозициясымен танысты, онда жергілікті энтузиаст А.Калинин жасаған зымырандардың үлгілері мен макеттері қойылды. «Академик Сәтбаев залында» минералдар коллекциясы және ғалым геолог, академик, біздің жерлесіміз Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер оқушылардың қызығушылығын тудырды.