Италия мәдениетінің күні: «Per amore dell' Italia! Италияны сүйгені үшін!»

16 ақпанда «С книгой по планете» жобасы аясында «Per amore dell' Italia! Италияны сүйгені үшін!» тақырыбында Италия мәдениетінің күні өтті. Шараға гуманитарлық колледждің студенттері және 3-лицейдің оқушылары қатысты.

Қатысушылар Италияның мәдениеті және тарихымен, итальяндық менталитетінің ерекшеліктерімен танысып, итальян тілінің үнін тамашалады. «ViVa Italia немесе Italiano мерекесі» бейне көрсетілімі, музыка, итальян ақындарының өлеңдері іс-шараның көрігін қыздырды. «Сіз Италияны білесіз бе?» викторинасы мен «Золушка» ойыны көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Италия мәдениетінің күні Тото Кутуньоның әнін орындаумен және «Итальян тілінің әндері» кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.