«Оқитын Павлодар» кітап фестивалі

23 сәуірде облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған дәстүрлі «Оқитын Павлодар» кітап фестивалі өтті.

Бұл фестивальдің мақсаты: кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапханаға келушілер санын көбейту, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын насихаттау.

Фестивальдің ашылу салтанатында Павлодар политехникалық жоғары колледжінің оқушылары «Кітап беттерінен...» көркемдік бейнелердің дефилесін көрсетті. 

Павлодар қаласының мотоспорт әуесқойлары «Гараж» мотоклубы облыстық кітапханаға  қолдау көрсетті. Мотоколонна қала көшелерімен «Оқитын Павлодар» логотиві бар жалаумен жүріп, жұртшылықты кітап мерекесіне шақырды.

Облыстық кітапханада кітап қорынан алынған «Кітап тарих, кітап қазына» атты сирек кездесетін кітап басылымдарының көрмесі болды. Кітап сүйер қауым үшін қайырымдылық кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Талантты жастарды қолдауда «Жастар Live-EIZhastary» Аққулы ауданының жас авторларымен кездесу өтті. Павлодарлық ақын ақын Марина Кисенкомен, жас автор  Қарлығаш Қашқынбаймен шығармашылық кездесулер, жазушылар Светлана Курносова мен Людмила Бевз кітаптарының тұсаукесерлері болды. Павлодарлық ақын Светлана Нұркенованың қатысуымен жас жазушы Жанаталап Нұркеновтың «Не покидай меня строка» кітабымен танысу кеші болды. Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының председателі Серік Елікбай Торайғыров университет студенттерінің шығармашылығына арналған өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткізді.      

Әнші - ақын Константин Симонов өнер сүйгіш қауымды павлодарлық бард - ақындардың шығармашылығымен таныстырып, концерт қойды.