Кітапханада жазушы күні Ғабит Мүсірепов – 120

16 наурыз күні облыстық кітапханада көрнекті жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Жазушы күні» өтті. Оның есімі қазақ әдебиетінің жылнамаларында М.Әуезов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіровтермен қатар тұр.

Іс-шараға «Мерейлі қаламгерлер» атты кітап көрмесі дайындалып, жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның негізгі шығармалары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» романдары және т. б. туындыларына шолу жасалды.

Химия-механика колледжінің оқушылары викторина сұрақтарына белсенді жауап берді. Кітапхана залдары бойынша экскурсия өткізілді.