ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

2018 жылдың 17 тамызынан бастап 15 қыркүйегіне дейін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ИНФРА-М ғылыми-баспа орталығы өндірген ZNANIUM.COM электрондық-кітапханалық жүйе дерек қорына тестілік қол жеткізу ашылды. ZNANIUM.COM электрондық кітапханада ресейлік ірі ғалымдардың, мемлекеттік органдары басшыларының, жетекші ресей жоо оқытушыларының, бизнестегі түрлі саладағы жоғары білікті мамандарының еңбектері жинақталған. Кітапхана қорына оқулықтар, оқу құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, монографиялар, авторефераттар, диссертациялар, энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалар, заң-нормативтік құжаттар, арнайы мерзімді басылымдар және Ресей жоо баспаларының басылымдары енген.

ZNANIUM.COM ЭКЖ-де құжаттарда қолайлы навигация, бетбелгі жасау, виртуалды «кітап сөресін» құру, бет бетімен көшіру, ЭКЖ пайдалану статистикасын көрсету және тағы да басқа ғылыми және оқу ісіне тиімді сервистар арқылы іздеу және іріктеу жүйесі іске асырылады. Баспа басылымдардың электрондық нұсқалары үшін бастапқы беттеулері сақталған.