Еламан Қабділәшімнің « Ақ сезім» жыр жинағының таныстырылымы

17 наурыз күні облыстық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Еламан Қабділәшімнің «Ақ сезім» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.

Іс-шара өлең сүйер жастардың қатысуымен өтті. Жастар жарыса өлең шумақтарын оқып, ақын өз жинағынан бірер өлеңдерімен бөлісіп, поэзия әлеміне саяхаттап шықты.

Кеш қонақтары рухани дамып, ойлы жырларды сусындап қайтты.