«Елбасым тірегім» атты облыстық суреттер байқауы

5 желтоқсан күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу айлығы аясында және ҚР Тәуелсіздік күнінің қарсаңында «Елбасым тірегім» атты облыстық суреттер байқауының қорытындысы жарияланды. Балалар әдебиеті бөлімінің оқырмандары аталмыш байқауға белсене қатысып, сертификаттармен марапатталды: Асылбек Аружан – 9 жаста, Асылбек Айзада – 7 жаста, Абельдинов Ильяс – 10 жаста, Сарсембай Лаура – 12 жаста, Асмус Арина – 10 жаста, Абайдуллина Милана – 8 жаста, Сарсембай Мансур – 8 жаста, Ким Данил-10 жаста.

Балалар әдебиеті бөлімінің балалар шығармашылығы секторының жетекшісі – Рахимжанова Дана Сарсембайқызы белсене атсалысқаны үшін ЖБДО директоры Т.Айтбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Біз байқауда топ жарып үздік атанған қатысушыларды құттықтаймыз!