«Елдер мен құрлықтар: Германия» тақырыптық сағаты

29 мамыр күні халықаралық кітап секторында елтануға арналған «Елдер мен құрлықтар: Германия» тақырыптық сағаты өтті.

Іс-шараға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілі факультетінің студенттері қатысты. Елтану сағатына неміс тілі Орталығының басшысы Нелли Эйберс қатысты. Студенттер Германияға арналған сұрақ-жауапқа белсенді қатысып, Гете институтының білім беру бағдарламалары туралы мәлімет алды, шара соңында қатысушылар белсенділік танытқандары үшін сыйлықтарға ие болды.