Елдің негізгі Заңы

18 қыркүйекте кітапханада С.Торайғыров атындағы ПМУ «Құқықтану» кафедрасының профессоры, «Жүрежат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Бастемиевтың қатысуымен № 11 және № 28 мектеп оқушыларына құқықтық сағат ұйымдастырылды.
Оқушыларға ежелгі мемлекеттің заңнамасынан қазіргі Конституцияға дейінгі Қазақстандағы заң тарихы туралы ақпарат таныстырылды. «Конституция неден басталды» бейнеролигі көрсетіліп, тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.
Дәріс Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.