«Узбекистан - вчера, сегодня, завтра» этно-кеші

13 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Казахстан - колыбель дружбы» жобасы аясында «Узбекский центр Келажак Авлод» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Узбекистан - вчера, сегодня, завтра» атты этно-кеш өткізілді.

Қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері мен №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушылары өзбек халқының тарихымен, мәдениетімен танысып, «Загадочный Узбекистан» викторинасына белсене қатысып, ПМПУ студенттерінің орындауында өзбек тіліндегі әндер мен өлеңдер тыңдады.

Көрермендердің назарына «Узбекистан стабильный и развивающийся» бейнеролик, «Восточные напевы Узбекистана» сәндік-қолданбалы өнер және тамаша әдебиеттер көрмесі ұсынылды.