«Армения-страна голубых озер» этнографиялық кеші

22 ақпан күні облыстық кітапханада «Павлодар облысының «Айреник» облыстық армян қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Армения-страна голубых озер» атты этнографиялық кеш өтті.

Кеш барысында «Эребуни» вокалды ұжымы өз өнерін, «Арай» хореографиялық ансамблі дәстүрлі ұлттық билер өнерін көрсетті және К.Б.Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің армян бөлімінің педагогы Аракелян Сусанна әндер орындап, мектеп оқушылары Отан туралы өлеңдер оқыды. Кешке қатысушылар Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері мен 8-лицейдің оқушыларына армян халқының қолданбалы өнерінің көрмесі, ойындар, викториналар әзірленді.