«Фиалочка» клубының отырысы: «Агротехника подготовки фиалок к цветению»

17 қыркүйек күні «Фиалочка» гүл өсірушілер клубының күзгі отырысы өтті. Гүл өсіру ісінің кәсіби маманы Асеева Елена Владимировна және Гайнуллина Галина Моисеевна стрептокарпустардың үйдегі топтамасын күту техникасы бойынша кеңес жүргізді. Мысал ретінде шегіргүлдердің «Летние сумерки», «АЕ-Богема», «Амадеус», «Эскорт» сорттары таныстырылды. Ақпаратты бекіту үшін тамырландыру және гүлдерді қайта отырғызу бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді.