Гипстен жасалған бұйымдарды жасау бойынша шеберлік сыныбы

6 сәуірде балалар әдебиеті бөлімінің балалар шығармашылығы секторында кезекті шеберлік сыныбы өтті. Бұл жолы балалар гипстен бұйымдар жасады.

Гипстен мүсіндеу - балалар үшін аса қызықты және тартымды шара. Одан кез-келген бірегей бұйымдарды қолмен жасауға болады. Жұмысқа кіріспен бұрын кітапханашылар балаларға гипс жасаудың тарихы және технологиясымен таныстырды, гипс ерітіндісін дайындауға үйретті. Содан кейін балалар қалыптарды таңдап, ішіне гипс ерітіндісін құйды. Әртүрлі пішіндер - гүлдер, раушан, жүрек, үй, тасбақа және т.б. жасады. Гипстен жасалған бұйымдар толық кепкен соң, қатысушылар оларды акварельмен және гуашпен бояды.