«Тіл – достықтың көпірі» атты ойын-викторина

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында 5 – қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Тіл – достықтың көпірі» атты ойын – викторина өткізілді.

Шараның мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілінің қолдау аясын кеңейту,дамытуда, тілге деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге, сүйе білуге тәрбиелеу.

Шараға Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің 7 д сынып оқушылары қатыстырылды. Шарада ойын 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Мақал сөздің мәйегі» атты мақалды жалғастыр. 2 – кезең «Сұрақ – жауап». 3 – кезең «Өлең сөздің патшасы» болып өткізілді. Шараның соңында ең үздік жеңіске жеткен топқа арнайы сыйлықтар таратылды.

Кітап көрмесінде Бүркіт Ысқақов «Атаның сөзі – ақылдың көзі», «Қос тіл – қос қанат» жыр жинағы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел тарихында», Байбота Қошым – Ноғай «Достық жоралғы», «Түркі тілдері», «Народы Казахстана» энциклопедиялық анықтамалық т.б. кітаптар қойылып оқырман балаларға насихатталды.