«Ғылым ғажайыптары» атты ақпараттық сағат

11 сәуір күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері №1 арнайы мектеп-интернатында «Ғылым ғажайыптары» атты ақпараттық сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашылар қатысушыларға 12 сәуірде атап өтілетін Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің және Халықаралық ғарышкерлер күні туралы ақпарат берді.

Оқушылар Қазақ КСР Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолымен танысты. Сонымен қатар, кездесу соңында қатысушылар «Ғарышты игеру» атты викторинада өз білімдерін тексерді.