Кәсіби сағат: «Облыстық кітапхананың қоры техникалық білім беруге көмек»

12 қараша күні жастарға кәсіптік-техникалық білім беру онкүндігі аясында облыстық кітапханада Павлодар техникалық қызмет көрсету колледжінің (оқыту мемлекеттік тілде) "Токарь ісі және металл өңдеу", "Дәнекерлеу ісі" мамандықтарының курсанттарына "Облыстық кітапхананың ресурстары техникалық білім беруге көмек" тақырыбында кәсіби сағаты өтті.

Кәсіби сағаттың бағдарламасында: кітапхана бойынша экскурсия, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері бойынша кітапханалық сабақ, "токарлық өңдеу технологиясы"атты тақырыптық әдебиетке шолу. Қонақтар назарына академик Қ. Сәтбаевтың залында "ғалым-геолог Қ. И. Сәтбаев"атты әдебиет пен көрме ұсынылды.