«Кәсіби шеберлік мектебі»

13 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында облыстық кітапхананың жас мамандары үшін кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Жас мамандарға кітапхананың есепке алу және нормативті құжаттары жайлы, библиографиялық шолуды қалай жасау керек, оның құрастыру әдістемесі туралы ұсыныстар берілді. Білімді бекіту үшін практикалық сабақ өткізілді. Бұл оқуға 10 жас маман қатысты. Кітапханада бұндай оқулар жақсы дәстүрге айналған.