Киберкеңістіктегі рухани қауіпсіздік

25 қарашада облыстық кітапханада Павлодар жоғары басқару колледжінің студенттері үшін «Киберкеңістіктегі Рухани қауіпсіздік» атты онлайн-кездесу өтті. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы Әсия Рамазанқызы Абитова оқушыларға заманауи ақпараттық ортадағы жауапты және қауіпсіз мінез-құлық ережелері, интернет желісіндегі құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қалай дұрыс қарым-қатынас жасау және желіге жария ететін ақпаратты, қорлайтын пікірлер мен фотоларды орналастырудан аулақ болу туралы айтып берді.

Әңгіме барысында экстремистік әрекетке қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері, Интернет желісінде экстремистік әрекетті жүзеге асыру үшін жауапкершілік туралы айтылды, сондай-ақ интернет желісіндегі экстремистік көріністерге байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың мысалдары келтірілді.

Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.