«Кітап оқимын мен жазда...» байқауының қорытындысы

16 тамыз күні сағат 14.00-де С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында екі жас санатындағы «Кітап оқимын мен жазда...» атты балалар байқауының марапаттау рәсімі өтті;

7 жастан 10 жасқа дейін және 11 жастан 14 жасқа дейін. Бірінші санатта 41 кітап оқып, жүлде - самокат алған Ясмин Шахмұрат жеңімпаз атанды, екінші санатта 27 кітап оқыған Лучезара Кузина жеңімпаз атанды, жүлде – велосипед.

Сондай-ақ оларға «Үздік оқырман» атағы берілді. Жүлделерді байқаудың бас демеушісі – «Ана тілі» орталығы» ЖШС директоры Ш.Д. Кинжикова табыс етті. Қалған қатысушылар сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарын алды.