«Макраме: Көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандарға арналған» практикалық нұсқаулық

1 мамыр күні облыстық кітапхананың кітап қоры бедерлі-нүктелі форматтағы «Макраме: практикалық нұсқаулық» атты кітаппен толықтырылып, оқырмандарға таныстырылды. Кітап мүмкіндігі шектеулі келушілерге қызмет көрсететін "Жанашыр" орталығының базасында жарық көріп, көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандарға арналған.

Кітап авторы Нұриманова Сәуле Қуатқызы Павлодар қаласындағы көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған жалғыз қолөнер үйірмесінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі болып табылады. Тоқу техникасын игеру үшін макрамаға арнайы құралдар немесе арнайы жұмыс орындары қажет емес, макраманы меңгергісі келетіндерге тек қиял мен шыдамдылық қажет, сондықтан көру қабілеті нашар адамдар үшін қолөнердің бұл түрі қол жетімді. Макраме техникасында интерьерді безендіруге арналған көптеген заттар жасалады: гүл құмыралары, шамдар, панельдер, дастархан, майлықтар, стендтер және талғампаздық пен бірегейлік беретін көптеген т.б. көптеген заттар.

Кітап беттерінде автор макраме техникасындағы көпжылдық тәжірибесімен бөліседі, өрнектерді тоқу принциптерін түсіндіреді және жіптерді есептеу бойынша пайдалы кеңестер береді.