«Жұлдыздар мен галактикалар арасында» кітап көрмесі

12 сәуірде бүкіл әлем Ғарышкерлер күнін атап өтеді. Бұл адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған есте қаларлық күн. Кітап көрмесі адамзаттың ғарышты игеру тарихын таныстырады. Онда ұсынылған отандық және шетелдік авторлардың кітаптары, естеліктері, мақалалары ғарышкерлердің өмірінен, олардың күнделікті қызметі мен ерліктерінен, ғарыштық техниканың дамуы туралы қызық деректерді білуге көмектеседі.

Молчанов А.Ф. «Космическая гавань», «Байконур Вып.2: Очерки, поэмы, хроника», «Загадки космоса. Что нас ждет за гранью вселенной», Исмаилов М.Б. «Актуальные вопросы космического материаловедения», С.Қабиқызы «Открытый космос Талгата Мусабаева», А.Первушин «Битва за луну» кітаптары барлық ғарышты зерттеушілерге – ғалымдарға, конструкторларға және ғарышкерлерге құрмет көрсетуге арналған.

Көрме өндірістік әдебиеттер секторында 9-22 сәуір аралығы дейін жұмыс жасайды.