«Тіл-достықтың алтын көпірі» кітап көрмесі

4 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдер мерекесі күніне арналған «Тіл достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Инновациялық Евразия университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Имамбаева Ғ.Е.қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы тілдің маңызы, тіл дамытудың өзекті мәселелері туралы ақпарат берді.

Көрмеге көрнекті тіл мамандары Құдайберген Жұбанұлы, Сейілбек Исаев, Ыбырайым Мамановтың әдебиеттері, тіл саясаты, мәдениет, тіл білімінің тарихы, қазақ тілін және басқа тілдерді зерттеуге арналған әдебиеттер және де көрменің негізгі бөлімі қазақ тіл білімінің негізін салушы, Алаш арысы, ұлт ұстазы, қазақ халқының рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлына арналған.