«Тәуелсіздік – ел тірегі» иллюстрациялық – кітап көрмесі

«Тәуелсіздік – ел тірегі» кітап көрмесі  –  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Кітаптарда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар, желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдар туралы баяндалады. 1986 жылғы саяси оқиғалар Қазақстан халқының тағдырында бетбұрыс болды және Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті.

Көрмеде мемлекеттің қалыптасуының түрлі кезеңдерін қамтитын, ел егемендігінің тарихындағы айтулы сәттерді, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін баяндайтын 100-ден астам кітап қойылды.

3 томдық «Алаш қозғалысы» құжаттар жинағы, Алаш қозғалысы қатысушыларына қатысты сот процестерінің материалдары, «Алаш қозғалысы», «Естеліктегі Алаш» энциклопедиялық анықтамалығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары туралы «Желтоқсан көтерілісі» басылымдары, «Желтоқсан-86» құжаттар жинағы, Г.Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары» және т.б әдебиеттер ерекше назар аудартады.