Көпшілікке арналған дәріс

25 қыркүйекте «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Павлодар Ертіс өңірінде педагогикалық білім берудің қалыптасуы. Өлкенің алғашқы ағартушылары» атты көпшілік дәріс өтті.

Дәрісті ПМПУ педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Жұмажанова Гүлжанар Ихтайқызы жүргізді. ППК-нің І курс студенттері Павлодар Ертіс өңірі аймағындағы білім мен педагогикалық ойдың даму тарихымен, сондай-ақ Әбікей Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев және Қошмұхамед Кеменгеров сияқты Павлодар жеріндегі ұлы ағартушылардың мұраларымен танысты.